Қазақстанда енді нашар интернет үшін операторлар қомақты айыппұл төлейтін болды
Қазақстанда интернет сапасының нашарлығы үшін операторларға салынатын айыппұл өседі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Біз операторларды бағыттауымыз керек, олармен сөйлесіп қана қоймай, ынталандыруымыз керек. Айыппұлдарды жазудың бақылау механизмі бар. Айыппұлдарды жазып беру бойынша осы жылы мен мәжілісте қазір айыппұлды 1 мың АЕК-ке дейін (2 917 000 теңге) ұлғайту талқыланады, - деді Бағдат Мусин халық алдындағы есептік кездесу барысында.
Министр интернет сапасына қанағаттанбаған қазақстандықтарды министрлікке, аумақтық байланыс инспекцияларына немесе әкімдіктерге ресми түрде жүгінуге шақырды.
"Бізге ресми шағымдар не үшін қажет? Кәсіпкерлік Кодексі бүгінде барлық ұйымдарды, соның ішінде жеке кәсіпорындарды тексерулерден қорғайтынын білесіздер. Тексеруге мораторий бар. Кез келген тексеру жүргізу үшін бізге адамның ресми шағымы қажет. Біз тексеруді Бас прокуратураның Құқықтық статистика органдарында тіркейміз, содан кейін ғана айыппұлдарды тексеруге және жазуға құқығымыз бар", - деп түсіндірді ведомство басшысы.