Қазақстанда ең жоғарғы жалақы алатын мамандықтар аталды
Статистика комитетінің мәліметінше, қаржыгерлер мен сақтандырушылар айына шамамен 458 мың теңге табады, деп хабарлайды Stan.kz.
Деректер номиналды жалақыға қатысты.
Әрі қарай өнеркәсіп саласы - тау-кен өндірісі, ғылыми-техникалық қызмет, ақпарат және байланыс, сонымен қатар құрылыс саласы жатады.
Ең төменгі деңгей ауыл, орман және балық шаруашылығында - 113 мың теңгеге жуық.
Қазақстан Республикасындағы жалақы:
(II тоқсан)
- Қаржы, сақтандыру қызметі - 458 000 тг
- Тау-кен өндірісі - 387 300 тг
- Ғылыми,техникалық қызмет - 315 100 тг
- Ақпарат және байланыс саласы - 274 800 тг
- Құрылыс саласы - 233 000 теңге
- Ауыл шаруашылығы, орман, балық аулау - 112 900 тг
Сыйақы бойынша көшбасшы - Атырау облысы. Олар орташа есеппен 325 мың теңге алады. Одан кейін мегаполистер Нұр-Сұлтан мен Алматы. Ең төменгі жалақы Жамбыл облысында - 126,5 мың.
Аймақ бойынша:
(II тоқсан)
- Атырау облысы - 325 005 теңге
- Маңғыстау облысы - 289 593 теңге
- Нұр-Сұлтан қаласы- 287 677 теңге
- Алматы қаласы- 227 370 теңге
- БҚО - 181 616 теңге
- Жамбыл облысы- 126 500 теңге
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”
