Қазақстанда екі жаңа банк пайда болады
Қазақстанда екі жаңа банк пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
"Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржылық ұйым бар. Бұл KMF және Solva микроқаржылық ұйымдары. Олардың қаржылық портфельдері ең үлкен болып есептеледі, яғни капиталдарының көлемі банкке айналуға мүмкіндік береді", – деді Мәдина Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Еске сала кетсек, қазір елімізде 21 екінші деңгейлі банк (оның 12-сі – шетел қатысатын) жұмыс істейді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі