Қазақстанда екі министрліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ білім және ғылым министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінгі таңда әлемде бұрын-соңды болмаған мемлекеттік басқаруды жеделдетіп цифрландыру тақырыбы өзекті. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау дәлелдегендей, Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада тоқтата алды.
Сондықтан біз бюджет қаражатын ұрлауға жол бермей, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қоюымыз қажет. Осы тұрғыда қазіргі уақытта цифрлық даму және білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша 2 қылмыстық істі тергеуде екенімізді мәлімдегім келеді", - деді Шпекбаев жарты жылдықтың қорытындысы бойынша өткен агенттіктің алқа отырысында.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?