Қазақстанда екі әуе апатынан кейін жеңіл ұшақтардың ұшуы тоқтатылды
Фото: t.me/Burkit001
Қазақстанда екі әуе апатынан кейін жеңіл авиация ұшулары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұшуға рұқсат беретін авиациялық органдар жеңіл және аса жеңіл авиацияны тексеруді күшейтті.
“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ 2025 жылдың 22 маусымы мен 17 тамызында авиациялық оқиғаға ұшыраған операторлардың әуе кемелерінің ұшуларын тоқтатты.
"Жолаушылар жылап, жақындарына қоштасу хатын жазды": Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады
“Қауіпсіздікті бақылауды күшейту мақсатында жалпы мақсаттағы авиация операторларының басқа ұшақтарына да жоспардан тыс тексеріс жүргізуге шешім қабылданды. Барлығы 49 әуе кемесінің ұшуы тоқтатылды”, – деп хабарлады көлік министрлігі.
Тексерістер Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы ұшақтардың көптеп шоғырланған базаларында жүргізіледі. Сондай-ақ жеңіл және аса жеңіл ұшақтардың ұшуға жарамдылығын бағалайтын ұйымдар тексеруге кіреді.
25 шілдеде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен. Тікұшақ бортында үш адам болған. Кейін олардың Амангелді Аман, Ержігітов Бақтияр және Уйсенбаев Нұржігіт екені айтылған. Артынша түкұшақ пен үш адамның денесі табылғанын жазған едік.
Сонымен қатар 17 тамыз күні Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан екі адам мерт болды.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді