Қазақстанда доллар бағамы арзандай бастады
Қазақстанның биржа қорының таңертеңгі доллар бағамы 427 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kase.kz мәліметіне сәйкес, АҚШ валютасы 3,72 теңгеге арзандады.
Евро бағамы 474 теңгені құраса, ресейлік рубль 5,8 теңгеге орнығыпты.
Шымкент қаласында доллар 428-429 теңгеге сатылуда екен.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда 30 наурыз бен 30 сәуір аралығында төтенше жағдайдың күшейтілуіне байланысты ақша айырбастау пунктерінің жұмысы тоқтатылыпты.
Атап кетерлік жайт, Лондондағы ICE биржа сатылымынан кейін мұнай бағамы 4,4%-ға өскен, яғни бір баррель 32,85 долларға дейін бағалануда. Ал WTI фьючерсі 6,8%-ға көтеріліп, 24,31 долларға табан тіреген.
ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқартуға келісті
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі