Қазақстанда доллар бағамы 500 теңгеден төмендеді
13 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 497,88 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
KASE мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 497,88 теңге болып, 3,95 теңгеге арзандады. Ал Ұлттық Банктің 13 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 501,31 теңге болды.
Кurs.kz порталының дерегі бойынша, қазір Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 498,87 теңгеге, сату 502,89 теңгеге тең.
Ал Астанадағы айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 498,54 теңгеден сатып алып, 504,63 теңгеден сатып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін сарапшылар доллар бағамын 550-560 теңгеге дейін өседі деп болжаған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан