Қазақстанда демалыс күндері тағы локдаун енгізіледі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндері елімізде тағы да карантин шаралары қатаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстандағы вирус таралу динамикасын бірқалыпта ұстау және эпидемиялогиялық жағдайды бақылау үшін елімізде демалыс күндері кейбір шектеу шаралары және локдаундар сақталады", - дейді денсаулық сақтау министрі.
Қазақстанда әлі де көпшілік жиналатын шараларды ұйымдастыруға, ресторандардың, қоғамдық орындардың, барлардың, түнгі клубтардың, караоке, фудкордтар мен аквапарктердің, бассейндердің жұмыс істеуіне шектеу қойылған.
Демалыс күндері сұлулық салондары, СПА орталықтары, фитнес орталықтар, спорт залдар, бассейндер, сауналар мен ашық алаңдардағы атракциондар өз жұмыстарын тоқтатады.
Еске салсақ, Швейцария Қазақстанды карантин тізімнен шығарды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған