Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл соңғы пандемия емес": Цой Еуропа мен Азияда коронавирус тағы өршігенін жеткізді

Қазақстанда коронавирустың таралуы тұрақтанғанымен, басқа елдерде инфекция қайта өршіді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр қазіргі таңда коронавирус қайта өршіп, қиын жағдайда қалған мемлекеттер тізімімен бөлісті. Қауіпті елдердегі жағдай Қазақстаннан бес есеге жоғары. 

"Еліміздегі жағдайдың бір қалыпқа келгені байқалды. Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде коронавирустық инфекцияның кең таралуы байқалуда. Мәселен Италия, Австрия, Германия, Оңтүстік Корея мен Түркияда өсім байқалды", - дейді Цой.


Министр коронавирустың кең таралуын болдырмау үшін халықты тағы да сақтық шараларын сақтауға шақырды. 

"ТМД елдеріндегі вирус таралуының орташа көрсеткіші Қазақстаға қарағанда бес есе көп. Қазіргі таңда коронавирустық инфекциясымен күресудің нәтижелі болуы адамдардың сақтық ережелерін сақтауымен тығыз байланысты. ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус мәлімдегендей, бұл соңғы пандемия емес", - дейді министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр