Елімізде демалыс күндері жауын жауып, жел соғады
Қазақстан аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп
бөлігінің ауа райын анықтайды.
"Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады", - деп хабарлайды синоптиктер.
Қазгидрометтің мәліметінше, түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар