AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге дейін өседі

Биыл дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге, ал медбикелердікі 208 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 76 400 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.

"Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, биыл дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ға арттыру көзделген. Бұл тиісінше 415 мың теңгені және 208 мың теңгені құрайды", – деді Ғиният министрліктің алқа отырысында.


Жаңа рекорд: Доллар бағамы 495 теңгеге көтерілді


Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр