Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларда баға тағы 10%-ға өседі
Елімізде мейрамхана мен дәмхана иелері азық-түліктің қымбаттауына байланысты бағаны тағы өсірмекші. Ал Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек елде қоғамдық тамақтану орындарындағы баға бір жылда 25%-ға көтеріліпті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Дәмхана мен мейрамхана иелері қызметкерлердің жалақысын көтеру керек екенін айтады. Бұл да қызмет көрсету құнының өсуіне әсер еткен.
"Негізгі шығындар азық-түлік сатып алу, қызметкерлердің жалақысы мен ғимаратты жалға алу, коммуналдық қызмет төлемдері. Әрине, қазір азық-түлік кем дегенде 30-50%-ға қымбаттаған. Оның үстіне мәзірдегі әр тағамға ет қосылады", – деді Қоғамдық тамақтану ассоциациясының құрылтайшысы Сұлушаш Тұяқова.
Оның пайымдауынша, инфляция деңгейін есепке ала отырып қоғамдық тамақтану орындарында баға тағы 10%-ға өседі.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте халықтың ай сайын жұмсайтын қаржысының жартысынан көбі азық-түлікке кететінін айтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды