"Қазақстанда да жақсы демалуға болады": Бекшин алматылықтардан шетелге шықпауды сұрады
Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының тұрғындарына Қазақстанда демалуға кеңес беріп, шетелге шықпауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 8 қазаннан бастап коронавирусты жұқтырған 33 жолаушы ұшақтардан шығарылғанын – оларды оқшаулағыштарға орналастырғанын атап өтті. Республикаға ПТР анықтамасынсыз 5 мыңнан астам адам келген. Барлығы міндетті тексеруден өтіпті.
- 255 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген
- Елордалық әуежайдан қашып кеткен мемлекеттік қызметкердің ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен
Бекшиннің айтуынша, COVID-19 бар азаматтардың көпшілігі Египеттен, Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен келгендерден табылған.
"Біз сырттан келетін вирусты тоқтатуға тырыстық, бірақ шетелге қыдыруды тоқтату керек", - деп атап өтті Бекшин.
Бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігері қалада кинотеатрлар мен сауда орталықтарының сенбі күні де жұмыс істеуіне рұқсатын берді. Сондай-ақ барлық санитарлық талаптарды сақтауды қадап айтты.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды