Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина алған адамдарға арнайы куәлік әзірленді
Елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцина алған азаматтар үшін арнайы куәлік әзірленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Коронавирус індетіне қарсы вакцинаны толықтай алған адамдар үшін eGov mobile базасында вакцинация куәлігі туралы мәлімет бар. Яғни аталған мобильді қосымша арқылы жеке парақшада танысуға болады. Яғни вакцинация куәлігі, онда сізге қашан вакцина еккені туралы, кімнің салғаны және қай мекемеде салынғаны шығып тұрады", - деді ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мәлімет қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
"Қазіргі уақытта вакцина егуге қатысты жеке мәліметтерді ағылшын тілінде жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Жақын уақытта қолжетімді болады деген ойдамын. Сондай-ақ, мобильді қосымшада вакцина куәлігіне QR код арқылы да қолжеткізуге де болады", - дейді ол.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған