Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма – Министрлік петициядағы азаматтар талабына жауап берді

Мәжіліс отырысының кулуарында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев министрлік түскен ескертулерді мұқият қадағалап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: www.gov

"Мәселе мынада: ережеге сай, біз алдымен петицияның нәтижесін күтуіміз керек. Содан кейін барып іске көшеміз. Қазір бұл туралы сөз қозғау ерте. Әзірге біз министрліктің басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған ресми ұстанымын ұстанамыз", – деді вице-министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Қайрат Төребаевтың айтуынша, петиция бойынша шешім биыл желтоқсанда қабылданады.

"Біз бұл мәселені барлық мемлекеттік органдармен бірлесе қараймыз. Желтоқсан айында шешілетін мәселені гипотетикалық түрде талқылаймыз. 50 мың дауыстың сыни массасына қол жеткізген жағдайда, жұмыс үкімет ішінде қайтадан қаралады", – деді Қайрат Төребаев.

Айта кетейік, уақыт белдеуі ауысқаннан кейін eGov жүйесінде біраз қазақстандықтардың жасы ұлғайған. Кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды – олардың электронды құжаттарында туған күні өзгерді. Сонымен қатар кейбіреулердің жеке куәлігінде, жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында өзгерістер пайда болды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялаған еді.

Артынша eGov.kz басшысы құжатта туған күні өзгеріп кеткен қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Талқылау