Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынады

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды БАҚ беттерінде де, көшеде де жарнамалауға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Артем Геодакян / ТАСС

Ойын бизнесі туралы заң букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендерді ғимараттардың, құрылыстардың және көліктердің сыртында жарнамалауға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, кино, видео және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға тыйым салады.

Букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спортшылардың жабдықтарында, спорттық теле-радио арналарда, спорттық іс-шараларға арналған интернет-ресурстарда жарнамаға рұқсат етіледі. Отандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей трансляциялау кезінде букмекерлік кеңселер мен ұтыс ойынын жарнамалай алады.

Сонымен қатар түзетулерде ұялы байланыс операторларына электронды казинолар, онлайн-казинолар, сондай-ақ халықтың абоненттік құрылғыларына құмар ойындар мен бәс тігулер туралы жарнаманы қамтитын мәтіндік хабарламалар жіберуге тыйым салу көзделген.

Бұған дейін Қазақстанда лицензиясы жоқ букмекерлер қызметіне тыйым салынатыны айтылды.

Талқылау