Қазақстанда бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін алу процесі қиындады
Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін алу процесі күрделене түсті. Яғни куәлік алуға ниетті үміткерлерге берілетін тапсырмалар саны артып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап хабарлайды.

Cынақ тапсырғалы отырған кандидат электрондық үкімет порталы арқылы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, емтиханнан жарты жылға шеттетіледі. Өзгерістер мұнымен бітпейді.
Мәселен, үміткер бірінші жолы теориялық не тәжірибелік сынақтан құлап қалса, емтиханды келесі күні келіп тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал екінші мәрте де жолы болмаса, бір айдан кейін білімін қайта сынай алады.
Бірақ тәжірибелік сынақтан үшінші рет өтпесе, теориялық тест нәтижесінің күші жойылады. Сосын тек екі айдан соң ғана қайта келуге рұқсат. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес теориялық емтихан өтетін сыныптар арнайы қондырғылар және бейнебақылау камераларымен жабдықталады.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"