AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда азық-түлік бағасы 19,7%-ға өскен - Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы биыл шілде айында елімізде инфляция жылдық есептеуде – 15%, ал бір айда 1,1%-ға жеткенін мәлімдеді. Ал азық-түлік бағасы 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 19,7%-ға өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азық-түлік

"2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7% өсті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарларға 14,2%, ақылы қызметтерге 9,2% көтерілді", – делінген бюро хабарламасында.

Бағаның айтарлықтай қымбаттауы қантқа (құмшекер) – 87,3%, пиязға – 71,7% және ұнға 36,6% тіркелді. Ал сәбіз бен қызылша бағасы керісінше, 29,6% және 25,2% төмендеді.

Мәселен, бір жылда қымбаттаған азық-түлік: 87,3% қант, 21,9% кондитерлік өнімдер, 71,7% басты пияз, 21,7% пастерленген сүт, 36,6% ұн, 20,5% салқындатылған сусындар, 33,0% макарон өнімдері, 18,3% жаңа піскен жемістер, 31,4% жармалар, 17,9% нан, 28,6% құс еті, 17,0% сары май, 27,4% тоқаш және ұн өнімдері, 16,7% шұжық өнімдері, 26,7% қатты ірімшік, 16,5% жылқы еті, 24,6% минералды және ас су, 14,8% темекі өнімдері, 24,5% қышқыл сүт өнімдері, 13,7% қой еті, 24,4% кептірілген жемістер мен жаңғақтар, 11,6% күнбағыс майы.

Сондай-ақ Ұлттық сатистика бюросының мәліметінше, биыл шілдеде (2021 жылғы шілдемен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 14,2% қымбаттады. Соның ішінде жеке қолданысқа арналған тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Мысалы, кешенді демалу ұйымдарына – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15%, санаторий қызметтеріне – 14,1%, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13%, қонақүй қызметтеріне 5,9% өсті. Жолаушылар көлігінде ақы 5,5% көтерілді. Бюроның Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтердің қымбаттауы да, төмендеуі де байқалады.

"Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуатының құны – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады. Ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%, ыстық суға 1,3%, суды бұру үшін 0,5% төмендеді", – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр