Қазақстанда білім гранттарына өтініш беру мерзімі ұзартылды
Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:
- eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген);
- жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).
Барлық ЖОО-лардың тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты мына жерден табуға болады.
Айта кетейік, конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген