Қазақстанда бетті жауып тұратын киім кию кімдерге рұқсат етілмек

Фото: Рixabay.com
Сенат "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңға бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын түзетуді талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзету Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.
Енді елде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.
Алайда кейбір жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етіледі:
- Медициналық көрсетілімдер бойынша;
- Қызметтік міндеттерді орындау барысында;
- Спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда.
Бұған дейін Швейцарияда бетті жауып тұратын кез келген киімді киюге тыйым салынған еді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған