Депутаттар бензин бағасын тұрақтандыруды талап етті

Мәжіліс депутаты Альберт Рау үкіметке бензин бағасын реттеу тетіктерін әзірлеу және енгізу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы жыл басынан бері АИ-92 маркалы бензиннің бағасы Алматыда литріне 150 теңгеден 168 теңгеге, Нұр-Сұлтанда - 170 теңгеге дейін көтерілгенін атап өтті. Ақтауда - 172 теңгеге дейін, Атырауда АИ-92 жанармайының бағасы 200 теңгеге дейін өсті. Осы мәселеге қатысты Альберт Рау вице-премьер Роман Склярға өзінің депутаттық сауалын жолдады.

"Егер бұрын бағаның өсуін мамандандырылған бөлім импортқа тәуелділікпен, сол немесе басқа мұнай өңдеу зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстарымен түсіндірілген. Ал бұл жолы  Атырау мұнай өңдеу зауытындағы технологиялық қондырғылардың апаттық тоқтап қалуы бензин бағасына ықпал етті делінді. Біздің ойымызша, қарапайым көлік иелері бұдан зардап шекпеуі керек", - дейді Альберт Рау. 

Депутат бензин бағасының өсуі тарифтердің, тауарлар мен қызметтердің кең ауқымының ақырғы бағасына мультипликативті әсер ететіндігін, бұл қайтадан қарапайым тұтынушыларға зиянын тигізетінін айтты. 

"Сонымен бірге, бензин бағасының өсуі туралы жаңалықтардан кейін энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдарының құнын көтеруге департамент жауапты емес деген хабарлама таратты. Бұл, бір сөзбен айтқанда, тиісті ведомствоның оғаш ұстанымын, бензин бағасының көтерілуіне қатысты тиісті стратегия мен тиісті шаралардың жоқтығын айғақтайды. Үкіметке жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау, бензин бағасын реттеудің тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікпен бірлесіп, бағаны тұраұтандыру ұсынылады", - деп қосты Альберт Рау. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр