Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бензин бағасы көтерілмейді: Экономика министрлігі мәлімдеме жасады

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин акциз мөлшерлемесі көтерілгенімен, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы өспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бензин

Ол ұлттық экономика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі 173-қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты. Жоба мыналарды қамтамасыз етеді:

- өндірушілердің бензин, газол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынның көтерме саудасына акциз мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін арттыру;

- өндірушілердің дизель отынын көтерме саудасына акциз мөлшерлемесін 1 тоннаға 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін арттыру;

- дизель отынына акциздер бойынша маусымдық өзгерістерді алып тастау;

- дизель отынының импортына тең мөлшерлеме белгілеу;

- дизельдік отынға ЕАЭО ТН VED кодтарын нақтылау.

"Бұл ретте жанар-жағармай бағасы өспейді, өйткені энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес жанар-жағармай материалдарын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген", - делінген хабарламада. деп баса айтты Азамат Амрин.

Талқылау