Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баспанаға мұқтаж азаматтар орталықтандырылған есепке алынады

Тұрғын үй саясатының жаңа тұжырымдамасы бойынша баспанаға мұқтаж азаматтардың орталықтандырылған есебі жасалады. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үй

Министрдің айтуынша, президент тапсырасы аясында тұрғын үй саясатын реформалау мәселесі бойынша заң жобасы әзірленген. Қазір заң жобасын Парламент Мәжілісі қарап жатыр екен.

"Оның шеңберінде тұрғын үй саясатын тұтастай реформалау және оны екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығара отырып, "Отбасы банкін" ұлттық даму институты етіп қайта құру ұсынылады. Сондай-ақ, "Отбасы банкінің" базасында "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарланған. Ол санаттарға тиесілігіне қарамастан, республика аумағында тұрғын үйі жоқ бүкіл мұқтаждарды орталықтандырылған есепке алатын болады. Ұсынылып отырған жаңа модельде тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары есепке қою күніне, табыстың бар-жоғына және берілген өтінімге байланысты жүзеге асырылады", – деді министр. 

Сөзінше, бұл жаңашылдықтар халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, азаматтардың тұрғын үй алу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік бермек.

Талқылау