2025 жылы Қазақстанда бала босану мен сәби күтіміне қанша төленетіні белгілі болды
Еңбек министрлігі 2025 жылға арналған бала туу мен оның күтіміне төленетін төлемдердің көлемін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Сәби 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы ай сайын төленеді:
- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның тууы мен күтімі бойынша жәрдемақылар мен төлемдермен 504,4 мың адам қамтылды. Жалпы сомасы – 895,3 млрд теңге.
Еске салсақ, Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу ұсынылған еді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар