Қазақстанда әйелдерге қатысты қандай қылмыстар үшін жаза қатаңдатылғаны белгілі болды
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды көздейді.
Атап айтқанда, түзетулер қылмыстық жауапкершілікті енгізеді және мына баптар бойынша жауапкершілікті қатаңдатады:
- Ұрып-соғу – 80 АЕК (2024 жылы 295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу;
- Қинау – 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- Денсаулыққа ауыр зиян келтiру – 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
- Денсаулыққа орташа ауыр зиян келтiру – 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
- Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу;
Бұған дейін депутаттар оқушыларға сабақ барысында телефон қолдануға тыйым салатын заңды мемлекет басшысына жолдаған еді.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген