Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы ұлғайды
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы бір мәрте ұзарды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас және 6 айды құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі сәтте ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Ал әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғаяды. Өзгерістер 1960-1964 жылы дүниеге келгендерге қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарында әйелдердің зейнет жасы 58,5 жылды құрады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жаста шығатын болады.
2027 жылға қарай қазақстандық әйелдер 63 жаста зейнетке шығады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 59,5 жыл;
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60 жыл;
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60,5 жыл;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61 жыл;
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61,5 жыл;
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62 жыл;
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62,5 жыл;
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жыл.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық