Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда көп
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда көбірек екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сай, елімізде әйелдер саны ерлерге қарағанда жарты миллионға (536,3 мың адамға) көп.
“Пайыздық мәнде ерлер үлесі 48,6 пайызды – 9 324 840 адам, әйелдер – 51,4 пайызды 9 861 175 адамды құрайды. Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 миллионға, әйелдер саны 1,5 миллионға артқан. Мәселен,1000 әйелге 946 ер адам келеді”, – делінген хабарламада.
Бұл ретте ерлер мен әйелдердің саны тек екі облыста – Қызылорда және Түркістан облыстарында әр 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.
Бір қызығы, 15-19 және 20-24 жас санаттарында әйелдер мен ерлер саны өткен санақпен салыстырғанда аз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"