Қазақстанда әйел жалған пәтерді 39 рет жалға берген
Қарағандылық алаяқ әйел жалған пәтерді 39 рет жалға берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын-ала ақша алғаннан кейін ол клиенттердің нөмірлерін бұғаттап тастайді екен. Бұл схема бойынша әйел үш миллион теңгеден астам ақша тапты. Бұл іс қазір соттың қарауында. Ал оның жерлесі елорда тұрғындарын да осылай алдаған. Ол тек жиһаздарды "сатқан". Тауарды жібермес бұрын ол алдын-ала төлемді жіберуді өтінген, оны алған соң жоғалып кете берген. "Сатушы" осы схема бойынша 10 адамды алдап үлгергені белгілі. Ақша аударған шоттың басқа атаумен болғандығы астаналықтардың күдігін тудырмаған. 27 жастағы күдікті ұсталып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айтпақшы, қыз бұған дейін алаяқтық үшін сотталған екен.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"