Қазақстанда 2024 жылдан бастап автогаздың бағасы өседі
Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа баға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Шекті баға аймақтар бойынша бекітілген:
- Астана – 76 теңге;
- Алматы – 81 теңге;
- Шымкент – 64 теңге;
- Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге;
- Жамбыл облысы – 71 теңге;
- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;
- Павлодар облысы – 74 теңге.
- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.
Сонымен қатар, әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті баға 5 теңгеге қымбат болады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған