Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ата-аналарға жансақтау бөлімінде балаларының жанында болуға рұқсат берілмек

Қазақстанда ата-аналарға жансақтау бөлімінде балаларының жанында болуға рұқсат берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастама балалардың денсаулығына және дәрігерлер жұмысының сапасына оң әсер ететінін алға тартады. Бұл ұсыныс "Ашық НҚА" сайтында талқылануда.  

"Ашық реанимация" қағидатын анестезиология және реаниматология көмегін көрсету стандартына енгізу жоспарлануда.  


Қазақстанда алдағы уақытта оқушылар мен студенттер мәжбүрлі түрде наркоскринингтен өтпек


Бұл өзгеріс енгізілсе, ата-аналар мен заңды өкілдер анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде балаларының жанында бола алады. Құжатта мұндай тәсіл ерекше күтімді қажет ететін балаларға, атап айтқанда, мүгедектігі бар балаларға, онкогематологиялық аурулары бар балаларға, паллиативті көмекке мұқтаж балаларға, өмірінің соңғы кезеңінде тұрған балаларға, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылатыны көрсетілген.  

Министрлік Ресей тәжірибесіне сүйенеді, онда "ашық реанимация" жүйесі енгізілген. Бұл медициналық көмектің сапасын арттырып, жансақтау бөліміндегі командалық жұмысты жақсартуға ықпал етеді дейді мамандар. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларға күтім жасауына мүмкіндік беріп, медициналық мекемелерге деген сенімін күшейтпек.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда енді 50 жастан асқан ер адамдар жаңа скринингтен өтетінін жазғанбыз.

Талқылау