Қазақстанда америкалық 30 биологиялық зертхана орналасқан - Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратқа жауап берді
Әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда Қазақстанда бұрын Украинада жұмыс істеген америкалық 30 биологиялық зертхана орналасқан деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Бұл жалған, Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің биолабораторияларын орналастыру жоспарланбаған", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде АҚШ биолабораторияда биологиялық қару жасап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Осы және басқа да қауесеттерді сарапшылар жоққа шығарды.
2022 жылдың қарашасында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Алматыдағы биолаборатория төңірегіндегі қауесеттерге түсініктеме берген еді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”