Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақша айырбастау орындарында доллар 536 теңгеден сатылып жатыр

Kurs.kz Қазақстанда ақша айырбастау орындарында доллар 536 теңгеден сатылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Күн өткен сайын теңгенің долларға шаққандағы бағасы әлсіреп жатыр. Қазақстандық биржадағы соңғы баға бойынша бір доллар 524,75 теңгеге сатылды. Бұл өткен сауда-саттықпен салыстырғанда 12 теңгеге артық. 29 қарашада сауда-саттық 512,52 теңгеге аяқталған еді.

Бүгін Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 520 теңгеге сатып алса, 530 теңгеге сатып жатыр. Ал Алматыда сатып алу бағасы – 525 теңге, сату – 529 теңге.

Фото: kurs.kz

Kurs.kz мәліметтері бойынша бірнеше қалада, соның ішінде Орал мен Ақтөбеде айырбастау пункттерінде доллардың сату бағасы 535-536 теңгеге жеткен. 



Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға доллар сатып алмауға кеңес берді. Сүлейменов қазіргі уақытта доллар жинақ құралы болмауы керек екенін, себебі теңгелік құралдар жақсы кіріс беретінін айтты. Ол базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылданғанын және бұл жеке тұлғалар үшін депозит мөлшерлемелерінің артуына әкелетінін атап өтті. Сондықтан ақшасын банкке салғысы келетіндерге асығыс әрекет жасамауды ұсынды.

Талқылау