Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру бағасы жыл сайын қымбаттайды: Министр түсіндірді

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдарда жүру бағасының қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: qaj.kz

Министрдің айтуынша, енді Қазақстанда ақылы жолдарда жүру тарифі жыл сайын қымбаттайды.

"Үш элемент өзгеріп жатыр. Біріншіден, біз бағаны 20 пайызға көтеріп жатырмыз.
Екіншіден, ақылы жолдармен жүру тарифін АЕК-ке байланыстырамыз, жыл сайын АЕК өскен сайын тариф те көтеріліп отырады. Үшіншіден, екі жолақты қозғалысы бар жаңа учаскелерде тек жүк көліктері үшін ақы төлеуді енгізу жұмыстары жүргізілуде", – деді министр.

Қарабаев 2013 жылы жолдарға ақылы төлем енгізілгеннен бері 10 жыл бойы тариф өзгермегенін атап өтті. Министрдің айтуынша, егер Қазақстандағы тариф Ресей мен Еуропадағы тарифтерден төмен болып қала берсе, бұл жолдарға қосымша салмақ түсіреді. Тарифтерді көтерудің мақсаты – жолдардың сапасын барынша жақсарту.

"Бірақ басты себеп – Қазақстанның транзиттік хабқа айналуы және Өзбекстан мен Қытайдан Ресейге және басқа елдерге автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі артып келеді. Ал бұл жолдарға қосымша жүктеме", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдармен жүру бағасы қымбаттағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау