Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады
Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелердің бұйрығының жобасын дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Құжаттағы жаңадан қосылатын мерекелер тізбесі мынадай:
- 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;
- шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
- тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
- қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
- 2 қазан – еліміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
- қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
- 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
- 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.
Министрліктің мәліметінше, Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін қаулымен бекітілгендіктен қайталанбас үшін тізімнен алынып тасталған.
Бұл жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"