Қазақстанда 8 миллионнан аса адам референдумда дауыс берген

Орталық референдум комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жайлы кезекті деректерін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43%-на тең.
Дауыс беру үлесі бойынша Қызылорда облысы көш басында, мұнда тұрғындардың 82,02 %-ы бюллетень алған. Ал Алматы қаласында тек 28,16% дауыс беріп, соңғы орында тұр.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге азаматтардың келуі келесідей:
- Абай облысы – 69,29%
- Ақмола облысы – 71,33%
- Ақтөбе облысы – 77,65%
- Алматы облысы – 68, 23%
- Атырау облысы – 64,33%
- Батыс Қазақстан облысы 60,61%
- Жамбыл облысы – 70,31%
- Жетісу облысы – 68,50%
- Қарағанды облысы – 72,63%
- Қостанай облысы –70,96%
- Қызылорда облысы – 82,02 %
- Маңғыстау облысы – 68,19%
- Павлодар облысы – 68,41%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 60,70%
- Түркістан облысы – 72,3%
- Ұлытау облысы – 66,50%
- Шығыс Қазақстан облысы – 78,98%
- Астана қаласы – 47,76%
- Алматы қаласы – 28,16%
- Шымкент қаласы – 72,61%.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде