"Қазақстанда 30 мың адам ауруханаға түседі": Вице-министр коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
Онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елдегі коронавирустың өршуіне байланысты алдымыздағы 2 айға болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр 3 сценарийге дайын болу керек екенін айтты. Бірақ халық арасына сақтық шаралары сақталатын болса, жағдай жақсаруы ммкін.
"Қазір үш түрлі болжам айтылып атыр. Жақсы сценарий бойынша 10 мыңдай адам ауруханаға түсіп, 30 мың адам ауырады. Енді шынайы болжамға келер болсақ, 30 мыңдай адам ауруханаға түседі деп күтеміз. Оған дайынбыз. Енді барлық медициналық ұйымдарда аурудың алдын алып, уақытында емдеуге қатысты шаралар қабылданып жатыр", - дейді Ажар Ғиният.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған