Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 28 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 28 медициналық қызметкер науқастардан коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

"Карантин станционарындағы дәрігерлердің ауруды жұқтыру қауіпі өте жоғары. Бірінші кезекте медициналық қызметкерлер өздері үшін тиісті карантин талаптарын сақтаулары керек", - деді шенеунік.

Айтуынша, қазір ауру жұқтырған ақ халаттылардың әрқайсысының жағдайлары ескеріліп, тексеріс жүргізілуде. Сондай-ақ Біртанов мамандарға арналған қорғаныс құралдарының тапшылығын айтып, жақын арада мәселе өз шешімін табатынын жеткізді. 

Министр дәрігерлерге арналған үстемақы 5 сәуірге дейін төленетінін тағы да айтып кетті. Сөзінше, кімдерге үстемақы төленетіні мемлекеттік комиссия шешеді. Ал аймақтарда әкімдік бұйрығы бойынша жұмылдырылған емхана қызметкерлеріне де сыйақы тағайындалу мүмкін көрінеді. 

"Ауруханалардың жағдайын жақсарту үшін тиісті шаралар жүргізілуде. Кейбір нысандар мен медициналық құрылғылар ескіріп кеткен. Қазір коронавирусқа шалдыққан науқастармен байланыстағы медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаулы да енгізілді", -деді Біртанов.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі үйлерінен бара алмай жүрген дәрігерлер үшін жағдай жасалып жатқандығын жеткізді. 

"Қазір инфекция тарату қауіпі үшін үйлеріне барғылары келмей не бара алмай жүрген дәрігерлердің жағдайы оңалып келеді. Жергілікті атқарушы билік органдары оларға станционардағы жақын жерлерде қонақ үй бөлмелерімен қамтамасыз етіп, бар мүмкіндік жасауда. Қазір медициналық қызметкерлерге төнетін қауіп әлдеқайда азаятынына сенеміз", - дейді Біртанов. 


"15 күнде құрылысы бітеді": Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында коронавирусқа байланысты аурухана салынады

Талқылау