Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 25 мамырдан бастап әуе қатынасы толығымен іске қосылады

Қазақстандағы барлық әуежайлар 25 мамырдан бастап ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында жарияланды. 

"2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада. 

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды.

Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша ұшақ рейстері іске қосылады: 

«Эйр Астана»: Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;

«SCAT»: Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады; Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.

«Qazaq Air»: Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен; Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.

«Fly Arystan»: 1 шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды.

Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:

- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

- термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;

- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Талқылау