Қазақстанда 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды
Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурызда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес бұл шара өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қабылданған.
“Өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев лудоманиямен күрес туралы заңға қол қойған еді. Оған сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойын ойнауына шектеу енгізіледі.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге