Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері өтініш берген екі партия тіркеуден өтпей қалды
2024 жылдың басынан бері өтініш берген үш партияның біреуі тіркеліп, екеуі тіркеуден өтпеген. Бұл туралы бүгін өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл жыл басынан бері әділет министрлігіне саяси партия құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралды. Тек біреуі қабылданды, ол – Ынтымақ партиясы. Қалған екі партия құжаттары дұрыс болмағандықтан тіркеуден өтпей қалды. "Алға Қазақстан" және "Халық дербестігі" партияларының тізімі сәйкес келмеуіне байланысты бас тарттық", – деді Ботагөз Жақселекова.
Вице-министрдің айтуынша, қазір әділет министрлігінде қаралатын бірде-бір саяси партияның өтініші жоқ. Қазақстанда барлығы жеті саяси партия тіркелген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан