Қазақстанда 2024 жылдан бастап кәсіпкерлерге тексеріс күшейтілмек
Қазақстанда 2024 жылдан бастап базарлар мен сауда орталықтарындағы кәсіпкерлердің кассалық аппараттарының бар-жоғын тексеру басталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
"Салықтық басқару аясында кассалық аппараттарға 100% көшуді жаңғырту мерзімі басталады, яғни 2024-2025 жылдары бұған үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан 2024-2025 жылы тексерістерде жаңа құралдар, соның ішінде камера құрылғылары да пайдаланылады. Сонымен қатар қоғам белсенділері де кассалық аппараттары жоқ жерлерді анықтауға көмектеседі", – деді Шаққалиев.
Министр сатушылардың көпшілігінде кассалық аппарат бар екенін, бірақ оны барлығы пайдалана бермейтінін атап өтті.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр