Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2021 жылы құжаттарды жасатудың құны қандай болады

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі  2 917 теңгеге дейін өсті. Құжаттарды рәсімдеу құны қалай өзгергенін Stan.kz редакциясы ұсынады. 

Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

  • Паспорт алу үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

  • Жеке куәлік рәсімдеу үшін 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге төлеу қажет.
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.
  • Қазақстанда туу туралы куәлік рәсімдеуге ақша төлеудің қажеті жоқ - ол тегін беріледі. Бірақ акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК, яғни 1 458 теңге беру қажет.
  • Неке тіркеу жас жұбайларға 1 АЕК немесе 2 917 теңге тұрады. Ал неке туралы куәлікті қайта жасату - 0,5 АЕК, 1 458 теңге.
  • Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж - 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс дейгейі қандай?

  • Ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге.

  • Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - 18 524 теңге.
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 43 272 теңге.
  • Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге.
Талқылау