Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2021 жылға арналған АЕК мөлшері белгілі болды

Қазақстанда 2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді. Тиісті көрсеткіштер ел президенті қол қойған "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда нақтыланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда:

- ең төменгі жалақы - 42 500 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;

- ең төменгі зейнетақы - 43 272 теңге;

- салықтар және басқа төлемдерді төлеудің айлық есептік көрсеткіші - 2 917 теңге;

- күнкөрістің ең төменгі мөлшері - 34 302 теңге.

Жасы бойынша және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар үшін 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға өседі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін қаражат мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге және арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметтердің тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін ай сайынғы қаражат - 3 739 теңгені құрайды. 

Талқылау