Қазақстанда тағы 13 инфекциялық аурухана салынады
Қазақстанда 13 жаңа инфекциялық аурухана салу жоспарлануда. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрымбетов үкімет отырысы кезінде елімізде коронавирустың дамуын болдырмау үшін инфекциялық ауруханалар салыну жоспарланып отырғанын айтты. Бұл ауруханалар халықты жұмыспен қамтуға да өз әсерін тигізбек.
"13 жаңа инфекциялық аурухана салынады, бұл бес мың тұрақты жұмыс орнын ашады", - деді Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында.
Ауруханалар модульдік болатынын түсіндірді Нұрымбетов. Оларды "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында салу жоспарлануда.
Ауруханаларда 2,7 мың жаңа төсек болады деп жоспарлануда.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"