Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек бағасы төмендейді
Фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиевтің айтуынша, 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмекке көтерме және бөлшек бағалар 30%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бұл жоспар 1 шілдеден бастап жүзеге асады. Бұл – ұзақ процесс, 6 мыңнан астам дәрілік атауларды қамтиды. Бұл жауапты процесс. Науқастардың қамы үшін бұл процессте қатеге жол бере алмаймыз", – деді Амангелдиев.
Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылады – Асхат Аймағамбетов
Дәрі-дәрмектің бағасы маркетингтік, көлік және кедендік қызметтер сияқты қосымша шығындарды алып тастау есебінен арзандайды.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілетінін жазғанбыз.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"