Қазақстанда 1 маусымнан бастап фитнес орталықтары ашылады
Қазақстанда фитнес орталықтары 1 маусымда жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерін алып тастап, бірнеше саланың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылданды.
"Бүгін коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия тұрғындар мен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елде шектеу шараларын азайту бойынша қосымша шешімдер қабылдады", - делінген хабарламада.
2020 жылдың 1 маусымынан бастап фитнес орталықтары мен санаторийлердің қызметі қайта жанданды.
Сонымен қатар, кинотеатрлар 15 маусымда ашылатыны белгілі болды.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан