Қазақстанда 1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттамақ
Қазақстанда 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясының бағасы көтерілуі мүмкін. Оған Энергетика министрлігінің электр энергиясына шекті тарифтерді бекітуі себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қазақстанның 36 энергия өндіруші ұйымы электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берген. Сонымен қатар үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін тарифтерді белгілеу ұсынысын айтқан.
Министрдің бұйрығы 22 қаңтарға дейін талқылау үшін "Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына" жарияланды. Бұйрық жобасында энергия өндіруші ұйымдардың көпшілік топтары үшін шекті тарифтерді көтеру көзделген. Құжатта тек топтар көрсетілген. Ал осы топтарға сәйкес ұйымдардың атаулары Энергетика министрінің (05.12.2018 ж., № 476) бұйрығымен берілген.
- 1-топ: "Б.Нұржанов атындағы Екібастұз Мемлекеттік аудандық электр станциясы-1" ЖШС – тариф 2024 жылы 8,27 теңгеден 2025 жылы кВт/сағ үшін 9,50 теңгеге дейін;
- 2-топ: "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы" АҚ – кВт/сағ үшін 7,98 теңгеден 8,48 теңгеге дейін;
- 3-топ: "Екібастұз Мемлекеттік аудандық электр станциясы-2" АҚ – кВт/сағ үшін 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін;
- 4-топ: "Топар бас тарату электр станциясы" ЖШС – кВт/сағ үшін 15,32-ден 20,84 теңгеге дейін;
- 5-топ: Батыров атындағы "Жамбыл Мемлекеттік аудандық электр станциясы" АҚ – кВт сағ үшін 17,73 теңгеден 22,58 теңгеге дейін;
- 6-топ: "Қарағанды Энергия Центр" ЖШС – кВт/сағ үшін 14,09 теңгеден 17,64 теңгеге дейін;
- 7-топ: "Өскемен ЖЭО" ЖШС– кВт/сағ үшін 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін;
- 8-топ: "Севказэнерго" АҚ – кВт/сағ үшін 18,61 теңгеден 23,17 теңгеге дейін;
- 9-топ: "Астана-Энергия" АҚ – кВт/сағ үшін 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін;
- 10-топ: "Павлодарэнерго" АҚ (ЖЭО-2,3) – кВт/сағ үшін 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін;
- 12-топ: "Қазақстан алюминийі" АҚ – кВт/сағ үшін 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін;
- 13-топ: "Kazakhmys Energy" ЖШС (ЖТЭК, БТЭК) – кВт/сағ үшін 21,42 теңгеден 30,24 теңгеге дейін;
- 15-топ: "Согринская ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кВт/сағ үшін 18,62 теңгеден 20,52 теңгеге дейін;
- 16-топ: "Bassel Group LLS" ЖШС – кВт/сағ үшін 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін;
- 17-топ: "Текелиский энергокомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кВт/сағ 20,72-ден 24,17 теңгеге дейін;
- 18-топ: "Степногорск ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кВт/сағ үшін 28,97 теңгеден 38,67 теңгеге дейін;
- 19-топ: "Шахтинсктеплоэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кВт/сағ үшін 6,36 теңгеден 21,05 теңгеге дейін;
- 20-топ: "Атырау ЖЭО" АҚ – кВт/сағ үшін 20,70-тен 23,91 теңгеге дейін;
- 21-топ: "Ақтөбе ЖЭО" АҚ – кВт/сағ үшін 12,63 теңгеден 17,54 теңгеге дейін;
- 22-топ: "Кентау сервис" МКҚК – кВт/сағ 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін;
- 23-топ: "Арқалық ТЭК" МКҚК – кВт/сағ үшін 8,44 теңгеден 13,13 теңгеге дейін;
- 25-топ: "Жайықтеплоэнерго" АҚ – кВт/сағ 12,52-ден 13,25 теңгеге дейін;
- 26-топ: "Алматы электр станциялары" АҚ (ТЭЦ-1,2,3, Қапшағай СЭС, Каскад ГЭС) – кВт/сағ үшін 17,82 теңгеден 20,93 теңгеге дейін;
- 27-топ: "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС – кВт/сағ үшін 19,45-тен 22,16 теңгеге дейін;
- 28-топ: "Жаңажолская Газ турбиналық электр станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кВт/сағ үшін 11,85-тен 14,36 теңгеге дейін;
- 31-топ: "Crystal Management" АҚ – кВт/сағ үшін 12,44-тен 15,27 теңгеге дейін;
- 33-топ: "АЭС Шүлбі ЖЭО" АҚ – кВт/сағ үшін 4,14-тен 5,04 теңгеге дейін;
- 34-топ: "АЭС Өскемен ЖЭО" АҚ – кВт/сағ үшін 3,44 теңгеден 4,29 теңгеге дейін;
- 37-топ: "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – кВт/сағ үшін 13,05-тен 21,11 теңгеге дейін;
- 39-топ: "З-Энергоорталық" АҚ – кВт/сағ үшін 15,09-дан 16,77 теңгеге дейін;
- 40-топ: "Қызылордатеплоэлектроцентр" МКК – кВт/сағ үшін 11,58-ден 12,10 теңгеге дейін;
- 41-топ: "Таразэнергоцентр" АҚ – кВт/сағ үшін 14,29-дан 21,07 теңгеге дейін;
- 42-топ: "Батыс Пауэр" ЖШС – кВт/сағ үшін 14,60 теңгеден 15,89 теңгеге дейін;
- 50-топ: "Жайықмұнай" ЖШС – кВт/сағ үшін 9,00-ден 11,92 теңгеге дейін.
Бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құнының өсуі кВт/сағ үшін шамамен 2 теңге болуы мүмкін. Энергия өндіруші ұйымдар тізіміне үш жаңа кәсіпорынды енгізу жоспарланып отыр. Бірақ олардың атаулары көрсетілмеген.
Тарифтерді көтеруге не әсер етті
Жалақының өсуі. 2024 жылы орташа жалақы 18% өсіп, 425 мың теңге болды. 2025 жылы одан әрі 15-20%-ға, 490 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
"Жалақыны көтеру білікті кадрларды тартуға және сақтауға бағытталған", – делінген бұйрық жобасында.
Кадр тапшылығы. 2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша энергетика саласында 52,5 мың қызметкер жұмыс істеді. Оның штаттық деңгейі 57 мың, бұл 4,5 мың маман тапшылығын тудырып отыр.
Жанармай мен материалдар бағасының өсуі. Көмірдің, газдың және оларды тасымалдаудың, металл және жөндеу жабдықтарының қымбаттауы шығындардың өсуінің негізгі факторлары болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Тәжікстанмен электр энергетикасы саласында Рогун су электр станциясынан электр энергиясын сатып алуды көздейтін 20 жылдық келісімге қол қоятыны туралы жазған едік.