Қазақстан "жасыл" аймаққа өтті
5 ақпанға арналған еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның үш өңірі "қызыл" аймақта: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары.
"Сары" аймаққа Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды облыстары кірді. Айта кетейік, кеше "қызыл" аймақта болған Батыс Қазақстан облысы бүгін "сары" аймаққа өткен.
Қалған өңірлер мен қалалардың барлығы – "жасыл" аймақта. Бағалау матрицасына сүйенсек, Қазақстан "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысқан.
Айта кетейік, кеше еліміздің бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов карантин шараларын жеңілдету туралы қаулы қабылдаған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар