Қазақстан Ұлттық қорды басқарудан 1,4 триллион теңге шығынға батты
Қазақстан 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қорды басқарудан 1,37 триллион теңгеден астам шығынға батқан, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді.
"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түскен теріс инвестициялық кіріс 1,37 триллионнан астам теңгені құрады", – делінген Қаржы министрлігінің ресми сайтындағы жиынтық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде.
Құжатқа сәйкес, нақтыланған бюджетке сәйкес Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс 941,6 млрд теңге көлемінде жоспарланған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі