Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында басталуы мүмкін
Қазақстан мен Түркия арасында келесі айдың соңында әуерейстер қайта жандануы мүмкін. Бұл мәселені ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қос тарап екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастықтың І тоқсанын қорытындылады. Теміржол көлігімен тасымал көлемі өткен жылдың салыстырғанда 10% артып, 239 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тонна болды. Транскаспий халықаралық көлік бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.
Сонымен қатар, министрлер екі елде де эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының соңында әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады", - делінген ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар